Тілсіз жау адам өмірін жалмады
Оқыс өрт оқиғасы өткен жексенбі күні Лопатино аралында орын алған. Қаза болған азаматтың аты-жөні әлі анықталмады
Ауқымды өрт шыққаны туралы ақпарат құтқарушылар пультіне 10 желтоқсан күні таңғы уақытта түскен. Өрт бір қабаттың үйдің ағаш құрылымдарын түгел шарпып, ішкі бөлмелерге де жеткен.
Тілсіз жауды ауыздықтаған өрт сөндірушілер үй ішінен белгісіз ер адамның жанып кеткен мүрдесін тапқан. Азаматтың аты-жөні әлі анықталу үстінде.
Өрттің шығу себебі ретінде мамандар екі нұсқаны қарастыруда – отқа салғырт қарау немесе пеш жағу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтамау.
Следующая →