Өскемен
пасмурно
+10°
  • Өскемен
    +10°
  • Алматы
    +16°
  • Астана
    +4°
  • Ақтөбе
    +14°
  • Актау
    +21°
  • Орал
    +18°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +6°
  • Қостанай
    +10°
  • Қызылорда
    +25°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    +7°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +12°
  • Шымкент
    +18°
$
442.05
+0.61
474.14
+1.05
¥
61.07
+0.11
4.74
-0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Қымбат Слямбеков
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Жас ансамбль жүлделі оралды

Өскемен қалалық №45 орта мектептің «Ақжелкен» атты домбырашылар ансамблі қазан және қараша айында өткен республикалық байқауда қос бас жүлде алды

Домбырашылар үйірмесінде қазіргі уақытта 70-тен астам бала домбыра аспабын үйренуде. Ал ансамбль құрамындағы 22 бала - олардың арасынан іріктеліп алынған дарындылары. Аталған ансамбль 2017 жылы 29 қазанда Алматы қаласында өткен «Сайра бұлбұл» атты республикалық байқауда «Мұрагер» бағдарламасының авторы Абдулхамид Райымбергеновтың «Секіртпе» күйін орындап, бас жүлдеге ие болған. Кейін Алматыдан келе салысымен Өскемен қаласында өтіп жатқан «Алатау шыңы» атты республикалық байқауға қатысып, тағы да бас жүлдені алған. 

- Домбырашылар ансамблін 2014 жылы құрдым. Алғашында 6 баламен өнер көрсетуді бастадық. Қалалық, облыстық байқауларға қатысып, шыңдала түстік. Оқушыларды жекелей, кейде топпен дайындаймын. Ансамбль құрамын кеңейтіп, фольклорлық ансамбль құрсам деген ойым бар, - дейді ансамбль жетекшісі, музыка пәнінің мұғалімі Орынбек Азатбек.

Жетекшінің айтуынша, балалар мен ата-аналардың домбыраға деген қызығушылығы мол. Мектепте бес сынып «Мұрагер» бағдарламасы бойынша дайындалып, жетпістен аса бала үйірмеге жазылса да, балалардың домбыраға деген қызығушылығы қалыс қалар емес. Әлі де қырыққа жуық оқушы домбыра үйірмесіне келгісі келетіндігін айтқан. 

- Ата-аналар да ансамбльге көп көмек көрсетіп, демеушілік қолдау білдіреді. Ұлттық өнердің дамуына үлес қосады, - дейді жетекші.
Следующая →