20-шы ықшам аудан жарықтандырылды
Аталған ықшам ауданда екі жүзге жуық жер учаскесі бар. Олардың 150-ден астамы бүгінгі таңда игерілген
Ықшам ауданды жылдармен мекен етіп келе жатқан тұрғындардың көзі «енді ашылды» десек артық айтпас едік. ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай бұл ауданға жоспарланған уақытынан бұрын жарық қосылды.
Айтулы мереке күні өңір басшысы жергілікті тұрғындармен кездесіп, мерекелерімен құттықтап, кезекті мәселелердің шешімдерін айтты.
- Бүгін сіздерге арнайы келіп отырмыз. Сіздерді және отбасыларыңызды Тұңғыш Президент күнімен құттықтаймыз, - деді өңір басшысы Даниал Кенжетайұлы. - Бүгінгі күні сіздерге берген уәдемізді орындап, электр желісін тарттық. Келер жылы сіздердің су мәселелеріңізді қолға алуды жоспарлап отырмыз. Сол сияқты, ЖМК ауданында Самар тас жолымен байланысатын автокөлік жолының жөндеу жұмыстары аяқталады. Сол кезде жолаушы тасымалы да өз шешімін табады.
Тұрғындармен кездесу барысында облыс әкімі қаланы көркейте түсу үшін жаңадан бой көтеріп келе жатқан ауданға лайықты үйлер тұрғызуды, жиналып қалған қоқысты уақытылы шығарып тұруды талап етті.
- Бұл өңірге келіп жатқан тұрғындарға бірыңғай типтік сәулет құрылысын ұсынудамыз. Бүгінгі таңда мұндай 18 жоба дайын тұр. Олардың барлығы тегін беріледі. Жобада бір және екі қабатты үйлер де қарастырылған. Заманауи талапқа сай бұл үйлер тұрғындардың көңілінен шығары хақ, - дейді Өскемен қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Бауыржан Күдияров.
Айта кету керек, бірыңғай үйлер жобасы дайындалғанымен, іргесі қаланып қойған үйлерге бұл еш әсерін тигізбейді.
Следующая →

Тақырыптар:
20-шы ықшам аудан жарықтандырылды