Өскемен
пасмурно
+6°
  • Өскемен
    +6°
  • Алматы
    +15°
  • Астана
    +10°
  • Ақтөбе
    +17°
  • Актау
    +20°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +7°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +13°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +9°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +13°
  • Шымкент
    +19°
$
442.05
474.14
¥
61.07
4.74
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Қымбат Слямбеков
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Шығыстан төрт мың адам көшіп кетті

Биыл Қазақстаннан барлығы 28150 адам шетелге көшіп кеткен. Оның ішінде төрт мыңға жуық азамат шығысқазақстандықтар

Елдің еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша, Қазақстанның өзге өңірлерімен салыстырғанда Қарағанды мен Шығыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстарының тұрғындары шетелге көшуде көш бастап тұрған көрінеді. Мәселен, Қарағанды облысынан барлығы 4 775 адам Отанын тастап тысқа кетсе, Шығыс Қазақстаннан 3878 адам, Қостанайдан 3680 адам, Павлодардан 3196 адам, Солтүстік Қазақстаннан 2537 адам сыртқа көшкен.

Қазақстаннан көшушілердің көпшілігі диаспора ұлттар болғанымен, арасында алысқа кеткен қазақтар да бар. 20 464 орыс, 2 331 неміс, 1 839 украин халқының өкілдері болса, 1043 қазақтың да шетел асқаны белгілі болып отыр.

Елден жырақ көшкендердің көпшілігі ТМД елдеріне барып қоныс тебуде. 

25 290 адам ТМД елдеріне көшсе, небары 2860 адам ғана АҚШ пен Еуропаға көшкен.

  Қоныс аударғандардың барлығы да кері қазақ жеріне қайтып келуге құлық танытпайтын көрінеді. Тұрақты мекенжай іздеп көшкендердің төрттен бір бөлігі 15 жасқа толмаған балалар болса, қалғандары еңбекке қабілетті білікті кадрлар. Елімізде онсыз да жетіспей жатқан инженер, экономист, мұғалім сынды зияткер мамандардың арасында елден кеткендердің қарасы көп. Атап айтсақ, 4816 адам техникалық мамандық иесі болса, 2672 адам экономист, 1745 мұғалім, 788 дәрігер, 538 құрылысшы мамандар.
Следующая →