Өскемен
ясно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО
Ақпарат көзі:
Устинка

Әлеуметтік бағадағы көмірді жеткізу үшін тағы қаржы төлеу қажет

Әлеуметтік бағадағы көмір көлемі жетпей қалған облыс зейнеткерлері оны жеткізу үшін тағы қаржы төлемек

Ал мұның алдында жеткізу құны 7 мың теңге болса, енді 15 мың теңге болмақ.

Нефтебаза шағын ауданында тұратын зейнеткер Вера Флусова көмірді қалай сатып аларын білмей отыр.

- Мен әлеуметтік бағадағы көмірді қалай сатып алу керектігін білмей отырмын. Ал 8050 теңге коммерциялық бағадағы көмірді сатып алайын десем, оның жеткізу құны Защитадан Нефтебазаға дейін 15 мың теңге екен, - дейді зейнеткер.

Сонда үш тонна көмірді сатып алу үшін 40 мың теңге ақша керек. Ал зейнеткер үшін бұл – үлкен сома.

- Өскемен қаласы әкімдігі мен «Қаражыра» ЖШС арасында әлеуметтік бағадағы көмір көлемін сатып алу туралы меморандумға қол қойылған. Қазіргі уақытта аз қамтылған отбасыларға, ардагерлер мен мүгедектерге, зейнеткерлер мен көп балалы отбасыларға 31380 тонна көмір жеткізілді. Барлығы 5367 адам көмір сатып алды. Әлі сатып алмаған 277 адам бар. Оларға жақын уақытта көмір жеткізілетін болады, - дейді облыстық әкім баспасөз қызметі.

Ал Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Расул Манапов коммерциялық көмірдің бағасын әкімдік емес, сатушылар бекітетінін айтады.


Следующая →