Өскеменде күзетші жігіт тұрғынға күш көрсетіп, бағалы затын тартып алған
33 жастағы күзетші қала тұрғынының 290 мыңдық мойын шыншырын жұлып алған
Күзетші қала тұрғынымен қатты дауласып қалғанға ұқсайды. Соңында ашуын ұстай алмаған күзетші тұрғынды жағадан тартып, қымбат шыншырын жұлып алған.
Кейін қала тұрғыны полицияға келіп арызданған. Ал полицейлер уақыт создырмай күдікті күзетшіні ұстап алған. Ол өзінің кінәсін мойындап отыр. Ал тергеу кезінде оның бұрында сотты болғаны белгілі болды.