Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Виктор Скрипниченко
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО полицейлері жүргізушілерді жауапсыз деп отыр

Өткен тәулікте полиция бөлімшесіне көліктен заттардың ұрланғанын айтып төрт азамат шағымданған

Ал полицейлер көліктің ұрлануына жүргізушілердің өздері кінәлі деп отыр. Өйткені жүргізушілер көліктерін аулаға қаңтарып қойғанымен, құлыптамаған.

Мәселен, Дзержинский көшесіндегі аулалардың біріне «ГАЗель» көлігін қойып кетке жүргізуші оның есігін бекітпеген. Нәтижесінде көлік ішінде бағасы 100 мың теңге болатын төрт кондитерлік өнім салынған қораптар ұрланған. Ал тағы бір тұрғын «Тойота» көлігін Карл Маркс көшесінде қойып кеткен. Жүргізуші көлігіне қайта қайтып келгенге дейін, небары жарты сағаттың ішінде ұрлықшылар көлік салонында жатқан қымбат смартфонды қолды қылып үлгерген.

Семей қаласындағы жүргізуші де темір тұлпарын құлыптамай қалдырып, аккумуляторынан айырылып отыр.

Сондықтан полицейлер жүргізушілерге көліктеріне бас-көз болуын өтініп отыр. 

Следующая →