ШҚО-дағы ауылдардың жартысы ауыз сумен қамтылмаған
ХІХ ғасырда, өркениетті қоғамда өмір сүріп отырсақ та, облыстың 88 мың тұрғыны әлі ауыз суға жарымай отыр
Облыста барлығы 738 ауыл бар. Оның жартысына жуығында орталық су құбыры жоқ. Ал тұрғындар суды құдық пен шүмектерден алуға мәжбүр.
Әсіресе, Көкпекті, Жарма, Ұлан, Тарбағатай, Бесқарағай, Үржар, Аягөз бен Күршім ауданының тұрғындары суды даладан алып ішіп отыр. Ал билік өкілдері 2020 жылға дейін 89 ауылда орталық су құбырын салуды жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта 10 ауылды сумен қамту үшін 33 млрд теңге бөлінген екен. Бұл ауылдарға ендігі жылы су құбырлары тартылмақ.