Коммуналды мекеме қызметкерлері қала әкімінен қоқыс үшін қарызды өндіруді сұрады
Қала тұрғындары рұқсат етілмеген қоқыс орындарына шағым түсіргендерімен, контейнерлер үшін ақы төлемейді
Тұрғындар қала қоқыстарын шығарумен айналысатын қызметке 66 млн теңгеге жуық ақша қарыз. Борышкерлердің үштен бірі коммуналды қызметтің тізіміне енбей де қалған.
"Өскемен СпецКоммунТранс" ЖШС мәліметтеріне сүйенсек, бар мәселе үй кітапшаларын алып тастауда жатыр. Тұрғындар бір адам үшін ғана мекенжай анықтамасын алып келетіндіктен, бір үйде шын мәнінде қанша адам тұратындығы белгісіз.
- Біз тіркеуде тұрған азаматтар санын білу үшін барлық орындарға бардық. Бірақ құзырлы органдар бұндай ақпараттардың құпия және жариялауға болмайтындығын айтады, - дейді ЖШС директорының орынбасары Зинаида Рахимжанова.
Следующая →