ШҚО-да екі бала иіс газынан уланып қалды
Облыста газдан уланғандардың саны артып барады
Осы жексенбіде Семей қаласында үш адам иіс газынан уланып қалған. Оның екеуі бес жастағы және тоғыз жастағы балалар болып шыққан. Екі бала «Восход» кентінде тұрады, от жанған пештің түтіні сыртқа шықпай үйдің ішіне қарай тараған. Қазір екеуі де ауруханада жатыр.
Көкшетау көшесіндегі тағы бір 67 жастағы зейнеткер отқа дұрыс қарамай, газдан тұншығып қалған. Ол да ауруханаға түскен.
ШҚО ТЖД хабарлағандай, облыста 40-қа жуық адам газдан уланған. Ал екі бала көз жұмған.
- Семей, Өскемен қаласында уланғандардың саны көп, - дейді департаменттің баспасөз қызметі.