Өскеменде нашақорлардың тұрғылықты мекені анықталды
41 жастағы қала тұрғыны Бурова көшесіндегі пәтерінде нашақорларды жинаған
Құқыққорғау органдарының қызметкерлері кезекті шақырылымға шығып, қала орталығынан жақын маңда «нашақорлар ошағын» анықтаған.
Тәртіп сақшылары 41 жасар тұрғынның пәтерінен медициналық инелер мен есірткі қалдығы қалған ыдыстарды тапты.
ШҚО ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оған қатысты ҚР ҚК 302 бабы бойынша қылмыстық іс ашылған.