Спутник-Торпедо кездесуі: өскемендік команда жеңіске жетті
Ойын барысында «Торпедо» клубы бірде-бір шайбы жібермеді
"Торпедо" (Өскемен) – "Спутник" (Нижний Тагил) – 2:0 (1:0; 0:0; 1:0)
Шайбы:
1:0 – Метальников Леонид (Олонов, 9.07)
2:0 – Рымарев Евгений (Далхьюзен, Шин, 57.21)
«Торпедоның» қақпасына Павел Полуэктов тұрды. Бұл - клубтың екінші нөмірлі қақпашысы. Ең алдымен өнер көрсететін бұл - Роман Смирягин.
Ойын басталмай жатып өскемендік команданың бір ойыншысы ескерту алып, алаңнан қуылып үлгерді. Оның үстіне, қуылған ойыншы клуб капитаны Евгений Рымарев болатын. Дегенмен, қазақстандық команда намысты қолдан бере қоймады. Команда сапында Александр Торяник, Алексей Шестопалов және Илья Олонов сынды жас ойыншылар болса да, бірінші ойынның өзінде бір шайбы соғып, алға шықты.