Өскеменде 16 жастағы қыз жоғалып кетті
29 қараша күні үйден шығып кеткен Аяулым Жапеева қайтып оралмаған
Жас қызды соңғы рет кешкі сағат 19.00 кезінде Спорт Сарайы маңында көрген адамдар бар. Содан бері ешкім көрмеген.
Туғандарының айтуынша, Аяулым үйінен қара күрткі, сары бас киім киіп, шарф орап шыққан.
Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері іздеу жұмыстарын істеуде. Қандай да бір ақпарат болса, +7 747 429 36 77 телефонына немесе 102 нөміріне хабарласуыңызды өтінеміз.