Өскемендіктер ыстық судың көрсеткіштерін бере алмай жүр
«Өскемен жылу жүйелері» АҚ сall-орталығы жұмыс істемегендіктен азаматтар орталыққа хабарласа алмай отыр
Редакцияның жедел желісіне қала тұрғыны хабарласып, ыстық су есептегішінің көрсеткішін құзырлы мекемеге айта алмай жүргенін жеткізді.
«Өскемен жылу жүйелері» АҚ хабарлағандай, сall-орталық 8 (7232) 700-202 және құрылғы көрсеткіштерін тәулік бойы қабылдайтын 8 (7232) 560-900 нөмірлері техникалық себептерге байланысты қазір жұмыс істемейді.
Қазір су есептегіш құрылғыларының көрсеткіштерін 24-16-63 немесе 701-722, 8-777-535-52-69 нөмірлері арқылы беруге болады.
Следующая →