Шығыста ер адам өзінің ересек ұлын айуандықпен өлтірді
Семей қаласының 60 жастағы тұрғыны өз ұлынан таяқ жеймін деп қорыққандықтан өлтіргенін айтты
Оқиға Семей төңірегіндегі Водный ауылында орын алған. Жас жігіт отбасымен бірге ата-анасына қонаққа келген. Алайда 60 жастағы отағасы мас болып шыққан.
Әкесінің араққа салынғанына байланысты ұрсыс шығып, ұлы түсінік беруін талап еткен. Жанжал ақыры төбелеске айналған.
Әкесі ұлын сабасына келтіру үшін пышақ алып, бүйірінен бірнеше рет ұрып жіберген. Бұл аралықта барлық жайттың ықтиярсыз куәгері болып зардап шегушінің анасы мен әйелі тұрған. Шатақ шықпай тұрып кішкентай қыздарын көршілерінікіне апарып тастаған.
Әйелдер мас еркектің қолындағы пышақты алып алу үшін айырмақ та болған. Бірақ шамалары келмелі.
Өзінің қара ісін аяқтаған қаскүнем түрегеліп, жазғы ас үйге кетіп қалған. Анасы мен әйелі құрбанның өлігін құшақтап қала берген. Ол кейін қайтып келіп: «Ол не, дем алмай ма?» деген сұрақ қойып, бөтелкесін құшақтап, жуынатын бөлмеге кетіп қалған. Жарты сағаттан соң келген полиция күдіктіні ұстаған.
Сот барысында қаскүнем өзінің мұрагерін өлтіргісі келмегенін, бірақ ол амалын қалдырмағанын айтады. Оның айтуынша, қаза табушы өзін бірнеше рет соққыға жығып, бұл жолы жарақат аламын деп қорыққан.
ШҚО Мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сот күдіктіні қатаң тәртіптегі колонияға тоғыз жылға қамау жазасын тағайындады. Ол асыраушысынсыз қалған өз ұлының отбасына екі миллион теңге төлеуі тиіс.
Сот үкімі заңды күшіне енді.