Мас жүргізуші өзін «Шумахер» деп сезінген
Жиналған достар түні бойы алкоголь ішіп, тойлатқан. Ал пәтер иесі ұйықтап қалған соң, қонақтың біреуі түнгі қаламен серуендеп келуді ойлаған
Жүрдек көлік болмаған. Бірақ досының көлігінің кілті көзге көрінетін жерде жатқан. Досы ұйықтап жатқандықтан, тәртіп бұзушы оның рұқсатын қажет етпеген.
Түнгі үш шамасында мас жүргізуші бақылаудан айырылып, ЖКО-ға ұшыраған. Түнгі жарыстан соң көлікті жөндеуге бес миллион теңге қажет болған.
Сот барысында жүргізуші өз қателігін мойындап, өзін кешірген досына шығынды өтеп берген. Барлық жағдайды ескере отырып сот шартты түрде бес жылға бас бостандығынан айыру жазасын тақты.