Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Олеся Краскова
Ақпарат көзі:
Устинка

Өскеменнің қайырымды жандары үйі өртенген жанұяға көмектескілері келеді

Сенбі күні үйі өртеніп, жалғыз қызымен далада қалған Оксана есімді қала тұрғыны қайырымды жандардан көмек сұрап, қол ұшын беруін өтінген болатын

Қайырымды жан аз емес екен. Жапа шеккен жанұяға көмектескісі келетін қайырымды жандар бірінен соң бірі хабарласып, мән-жайды анықтап жатыр. 

Қол ұшын беріп, демеушілік жасаймын деген жан болса, еріктілерге хабарласып, жағдай анықтаса болады. Телефоны: +7 705 508 35 37.

Жиналған заттарды жанұя мекенжайына дейін жеткізіп салғысы келген жандар да жоғарыда көрсетілген нөмірге хабарласса болады.

Жанұяға кез келген көмек қажет. Киім-кешек, оқу құралдары, құрылыс материалдары, тұрмыстық техника... Ал Оксана Литвинова нөмірі төменде көрсетілген: +7 705 904 83 11.

Еске сала кетейік, Оксана есімді қала тұрғыны төртінші сынып оқитын кішкене қызымен бірге «Ертіс-1» бау-бақша қоғамдастығына қарасты шағын саяжайда тұрып жатқан. Ал сенбі күні олардың үйі де, өмірі де көкке ұшты. Сағат 11.00 шамасында саяжайда өрт болып, үй түгелдей жанып кеткен. Оның үстіне, Оксананың да денсаулығы сыр берген көрінеді. Жақында ғана күрделі ота жасалған. 

Следующая →