Ауаның ластануы жағынан Шығыс Қазақстан республикада төртінші орында
2016 жылы жиналған мәліметтердің негізінде экологтар атмосферасы ластанған облыс пен қалалардың тізімін жасап шығарды. Бұл тізімді Шығыс Қазақстан облысы төртінші орында
Ал ауаға таралған зиянды қалдықтардың мөлшерін адам басына шаққанда, Шығыс Қазақстан тоғызыншы орында. Бір адамға 92,6 кг зиянды қалдық тең келеді. Бұл тізімді Павлодар облысы бастап тұр.
Облыстағы ең лас қалалар қатарына Өскемен, Риддер, Семей, Зырян қаласы жатады. Ауаға таралатын зиянды қалдықтардың 75 пайызы жоғарыда аталған қалалардың үлесіне тиеді екен.
«Казгидромет» кәсіпорнының 2016 жылы шығарған, атмосфера ластануының индексі бойынша Өскемен қаласы жетінші орында. Ластану индексі 6 балға тең. Ал бірінші орында Қарағанды қаласы тұр.