23 жастағы жігіт көлікті ұрлап кетіп, ЖКО-ға түст
Кезекті спирт бөтелкесі таусылған соң Lada Priora иесінің жаңа досы көлікті «жалға» алып Ұлан ауданында соғып тастады
Сенбі күні Өскемен қаласының полициясына 37 жастағы облыс орталығының тұрғыны келіп, жаңа досының отырыстан соң көлігін ұрлап кетіп, ЖКО-ға ұшырағанын айтқан.
Тергеу барысында ер адамдардың жақында ғана танысқаны, қайғылы күні алкогольді ішімдік ішкендері белгілі болды.
Өскемен қалалық ІІБ баспасөз қызметі хабарлағандай қаскүнем жедел ұсталған. Ол бұрын соңды қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған 23 жастағы жұмыссыз жігіт болып шықты. Көлік иесі шығынды бір миллион теңгеге бағалауда. Қазір тәртіп бұзушыға қатысты ҚР ҚК 200 бабы бойынша қылмыстық өндіріс ашылды.
Следующая →