Өз үйлерінде өртеніп кете жаздады
Жексенбіде күннің екінші жартысында Ескі Согра ауданындағы жер үйлердің бірінде өрт шығып, жалын бүкіл үйді шарпыған
Оқиға орнына дереу жеткен өрт сөндірушілер екі адамды аман алып қалды.
Қоңырау түсе сала оқиға орнына аттанған мамандар үйде 61 жастағы үй иесі мен оның жұбайы барын анықтаған. Зардап шеккен үй иелері де ауыр күйік алған, алайда ауруханаға жатудан бас тартқан.
Қазіргі таңда мамандар өрт оқиғасына қатысты екі нұсқаны қарастыруда: электр құрылғыларын жөндеу және пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерінің дұрыс сақталмауы немесе құрылғы апаттық жағдайда болған.
Следующая →
Тақырыптар:
Пожары в ВКО