Өскеменде жаңадан қосылған автобус машруттары қатынастан алынып тасталды
Трамвайдың жүрісі азайған кезде жаңадан №15 автобус маршруты қатынасқа қосылып, №27 автобустың маршруты өзгертілген болатын
Екі күн бұрын Трамвай паркі инвестор тауып, «Шығысэнерготрейд» кәсіпорны алдындағы берешегін өтеуге уәде бергендіктен, жаңадан қосылған маршрут қайтадан алынып тасталатын болды.
Дегенмен, қала ішінде енді ғана қатынай бастаған автобустың тұрғындар үшін пайдасы көп болды. Ал оның қатынағанына бірнеше күн ғана болған еді.
- Трамвайдан кешіккен кезде, №15 автобусқа отырып, үйге қайтатынмын, - дейді Әлия есімді Өскемен қаласының тұрғыны.