Өскеменнің өз арбаты пайда болуы мүмкін
Облыс орталығында жаяу қыдыру алаңдарына қатысты жоба дайындалуда
Күн санап емес, сағат санап қаладағы көлік саны артып келе жатқанына қарамастан, билік өкілдері жаяу қатынауда жөн көретін тұрғындарға көңіл бөлмек.
Өскемен қалалық архитектура және қала құрылысы бөлімі қалада жаңа жаяу жүргіншілер алаңының пайда болатындығын хабарлады.
- Бұндай ой бар, бірақ нақты жүзеге асырылуы туралы айту ерте. Соңғы шешімді ШҚО әкімі Даниал Ахметов қабылдайды, - дейді бөлім басшысы Дәурен Қасмов. - Егер басшы мақұлдаса, жұмыс жобасы қабылданады.Ойды жүзеге асыру үшін көптеген факторларды ескерген жөн.
Следующая →
Тақырыптар:
Улицы в Усть-Каменогорск