Өскемен
малооблачно
+11°
  • Өскемен
    +11°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +14°
  • Актау
    +20°
  • Орал
    +18°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +7°
  • Қостанай
    +11°
  • Қызылорда
    +23°
  • Павлодар
    +9°
  • Петропавловск
    +6°
  • Тараз
    +17°
  • Туркестан
    +10°
  • Шымкент
    +19°
$
443.37
+1.32
474.49
+0.35
¥
61.24
+0.17
4.83
+0.09
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Электронды қызмет порталы жасалды

ШҚО электронды үкімет порталының жаңарған e-vko.gov.kz үлгісі шығарылды. Бұл e-gov порталына қарағанда өзгеше, жаңаша интерфейсте жасалған

Жаңа бағдарламаның ерекшелігі - қарапайым халыққа барынша түсінікті жасалғандығы. Мұнда электронды қызмет түрін қай мекемеден, қай маманнан және қалай алу керектігі толықтай көрсетілген. Мекеменің мекенжайы картада көрсетілсе, қызмет түрін көрсететін маманның аты-жөні мен телефон нөмірі төменгі жолда берілген. 

Портал екі блогқа бөлінеді. Оның бірінші блогында «Қызметті алу тәртібінде» қандай қызмет түрін қалай алуға болатындығы рет-ретімен жазылған, қандай құжаттың қажет екендігі де белгіленген. 

- Ал «Мемлекеттік қызмет төлқұжаты» блогынан қызметтің қандай уақыт аралығында көрсетілетіндігі, қызметтің ақылы не ақысыз екендігі, ақылы болса, қанша ақша төлеу керектігі көрсетілген, - дейді жаңаша интерфейсті жасап шыққан «Рейтинг» компаниясының қызметкері Иван Новохатский.

Электронды порталда тағы бір ерекшелік бар. Қарапайым азамат қызметті алып болған соң, оған баға бере алады. Тұрғын баға бере отырып, кемшіліктер мен артықшылықтары жайында да айтып, ұсыныс береді. Бағалау балын қызмет көрсетуші органдар - әкімдік, басқарма, бөлім, қызмет көрсету орталығы ғана көре алады, ал баға берушінің жеке мәліметтерін ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен облыс әкімдігі аппаратының мемлекеттік қызметтерді мониторингілеу бөлімі ғана көреді. 

- Тұрғын баға беру барысында қызметтің жемқорлыққа қатысы бар-жоғын да атап көрсете алады. Бұл кейбір мемлекеттік қызметтердің заңсыз жүргізілуін тоқтатады, - дейді Иван Новохатский.

Айта керу керек, ел көлемінде де, облыста да электронды қызмет түрлерін алушы тұрғындардың саны аз. Ал әкімдік бұған электронды үкімет қызметін дұрыс насихаттай алмаған мекемелер кінәлі дейді. 

- Бұған тұрғындардың компьютерлік сауаттылығы мен ауылды елді мекендердегі интернет желісінің әлсіздігі ғана кінәлі емес, мемлекеттік қызметті көрсетуші мекемелердің де кемшілігі себеп, - деп атап өтті облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары Баян Закирьянова.

Егер 2016 жылы облыста 3,9 млн мемлекеттік қызмет көрсетілсе, оның тек 47 336-сы ғана электронды түрде жүргізілген. Яғни, көрсетілген мемлекеттік қызметтердің тек 1 пайызы ғана интернет желісі арқылы жасалған. Басшылық жаңадан жасалған портал электронды қызмет түрінің дамуына үлес қосады деп үміт артады.
Следующая →