Өскемен
малооблачно
+14°
  • Өскемен
    +14°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +12°
  • Ақтөбе
    +14°
  • Актау
    +18°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +10°
  • Қостанай
    +11°
  • Қызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +8°
  • Петропавловск
    +10°
  • Тараз
    +19°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +20°
$
444.14
+0.77
477.05
+2.56
¥
61.34
+0.10
4.85
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Қымбат Слямбеков
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Енді зейнетақы қалай есептелмек?

Жаңа жылдан бастап зейнетақы көлемі 8 пайызға өсетіндігі белгілі. Бұл бұған дейін зейнетақы алып келген зейнеткерлерге ғана қатысты жағымды жаңалық

Одан бөлек, ендігі жылдан бастап зейнетке шығатын адамдарға зейнетақы тағайындау жүйесі де өзгереді. Бұл да халық арасында кең айтылған жаңалық болғанымен, көбі жаңа өзгерістің мән-жайын түсінбей жатыр. Ал енді ғана зейнетке шығатын жандар Халыққа қызмет көрсету орталығына барып, жаңа жүйе бойынша келешек зейнетақысының қандай сомада болатындығын алдын ала есептеп алса болады. Ал ол үшін тұрғын зейнетке шықпай тұрып, үш ай бұрын бұл қызметке жүгінуі тиіс. 

Дегенмен, зейнетақы есептеудің жаңа жүйесін кеңірек таныстыру қажет. Қазіргі таңда ең аз зейнетақының мөлшері - 31 245 теңге. Келесі жылы бұл 8 пайызға көбейіп, 33 745 теңге болмақ. 

Ал базалық зейнетақының мөлшері келесі жылы 15 274 теңге болады. Бұл күнкөріс деңгейінің 54 пайызына тең. Ендігі жылы зейнетке шығатын, он жыл немесе он жылға толмаған еңбек өтілі бар жандардың барлығы аталған сомадағы зейнетақыны қолына алады. Бұл - зейнет жасына жеткен Қазақстан азаматтарының барлығына берілетін міндетті сома.

- Ал 10 жылдан артық еңбек өтілі бар адамдардың зейнетақысы әрбір жыл үшін 2 пайызға көбейтіледі. Яғни, 11 жыл еңбек өтілі болса, күнкөріс деңгейінің 56 пайызын, 12 жыл болса - 58 пайызын, 20 жыл болса - 74 пайызын зейнетақы ретінде алады. Ал 33 жыл еңбек өтілі бар тұрғын ең төменгі күнкөріс деңгейіне тең соманы толықтай иемденбек. Ал 2018 жылы күнкөріс деңгейі 28 274 теңге болады, - дейді ШҚО Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі департамент басшысы Марина Шаронова.

Демек, 54 пайыз 15 274 теңге болса, 56 пайыз - 15 833 теңге, 60 пайыз - 16 964 теңге, 74 пайыз 20 922 теңге болады. 

Еңбек өтіліне әскерде болған, жоғары оқу орнында оқыған мерзім де қосылады. Шығыс Қазақстан экологиялық жағынан нашар аймақ болғандықтан, облыс тұрғындарына 1992 жылдан бастап 1,5 жыл қосылып беріліп отырмақ.

Мамандардың айтуынша, облыста келесі жылы зейнетке шығатын жандардың еңбек өтілі 35 жылдан кем болмауы тиіс. 

Базалық зейнетақының үстіне 1998 жылдан бері қорға аударылған қаржысы да есептеліп қосылмақ. Бұл соманы Халыққа қызмет көрсету орталығына барып білуге болады. Өзге елге көшіп, азаматтық алған тұрғындар зейнетақы қорына аударған қаржысын толықтай қайтара алады. 
Следующая →