Жеңілдікпен берілетін дәрі неге қымбат?
Облыстық қоғамдық кеңес мүшелері Өскемен қаласындағы дәріханаларды аралап шығып, тегін таратылуы тиіс дәрілердің жетіспейтіндігін анықтаған
Мәселен, қант диабетімен ауыратын жандарға берілетін 19 дәрінің тек бес-алтауы ғана дәріханада бар болса, жүрек ауруларына ұсынылатын 8 дәрінің тек екі-үшеуі ғана бар болып шыққан. Ал гипертонияға қарсы дәрілердің бірде-бірі жоқ. Қоғамдық кеңес мүшелері денсаулық сақтау басқармасының босаң жұмысына көңілі толмайтындығын жеткізді.
- Дәрінің не үшін жеткізілмегендігін түсіндіре алмай отырсыздар. Егер мамандар жұмыс жасай алмаса, орнына басқа білікті мамандар келсін, - деді Қоғамдық кеңес төрағасы Серік Оразбаев қоғамдық отырыс барысында.
Ал облыстық денсаулық сақтау басқармасы биылғы жылдың басында тасымалдаушы компаниялармен болған соттың созылуы дәрі-дәрмектердің дер кезінде жеткізілуіне кедергі болғандығын айтады.
- Сот аяқталды. Дәрілердің тізімі мен рецептісі дайын. Дәрі-дәрмектер біртіндеп жеткізіле бастады. Бір ғана тасымалдаушымен келісімге келдік. Ол желтоқсан айына қажетті дәрілерді қараша айының соңында жеткізеді, - деді басқарманың дәрі-дәрмекті қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Рауан Абзалиев.
Қоғамдық кеңес мүшелері жеңілдікпен берілетін дәрілердің бағасы негізсіз қымбаттатылғанын айтады. Яғни, тасымалдаушы компания дәрілерді арзанға әкелсе де, дәріханалар оны ондаған есеге қымбатқа сатады.
- Мәселен, гипертензияны емдейтін «Бисопрол» дәрісінің әр данасы 8 теңгеге жеткізілгенімен, дәріханада ол 675 теңгеге сатылуда. Ал дәріхана сатушылары оны тұрғындарға жеңілдетілген бағада, рецепті бойынша сатқысы келмейді. Өйткені арзанға түседі, - дейді ШҚО Қоғамдық кеңесінің денсаулық сақтау жөніндегі жұмыс тобының төрағасы Татьяна Чернышова.
Жұмыс тобы тағы да бір отырыс өткізіп, дәрі-дәрмек бағасын реттеу жөнінде ұсыныстар жазып, оны ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне жіберуге келісті.
Следующая →

Тақырыптар:
Жеңілдікпен берілетін дәрі неге қымбат?