Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Алия Тенизбаева
Ақпарат көзі:
Устинка

Өскеменде балабақша мен колледж ғимараты нашақорлар ордасына айналып кеткен

Өскеменнің №19 шағын ауданындағы колледж бен Защита ауданындағы балабақша ғимараты жартылай ғана салынып, қаңырап бос тұр

Ал облыстық басқарма бұл ғимараттарды салу біздің міндетіміз емес, республикалық мекемелердің теңгеріміндегі нысан деп отыр. Сондықтан облыстық мекемелер бұл ғимараттың салынуы мен жөнделуіне аса мүдделі емес.

Защита ауданындағы зағип балаларға арналған балабақша өткен ғасырдың 90-жылдарына дейін жұмыс жасап тұрған. Ал 90-жылдардың ортасында бұл ғимарат әкімшілік-өндірістік орталыққа айналып, ал 2013 жылдан бастап мүлдем бос қалған.

Ғимарат сатуға келмейді. Өйткені іші-сырты қирап, құр сүлдері ғана қалған. Тіпті, аудандағы нашақорлар мен қаңғыбастардың қонақтайтын орнына айналып кеткен.

Ал Жібек маталар комбинаты аймағындағы техникалық колледж ғимараты 2010 жылы басталғанымен, аяқтаусыз қалдырылған. Оған 3 млдр теңге бөлінген. Алайда ғимаратты салуға тапсырыс алған «ЗАК-Сервис» ЖШС алаяқтық жасап, қазына қаржысын бей-берекет шашып жіберген.

Бұл ғимарат та қаңырап бос тұр. Аудан тұрғындары бұл жермен жүруге қорқады. Өйткені мұнда да қаңғыбастар мен өңшең нашақорлар жиналып алған.

Қазіргі уақытта Білім және ғылым министрлігі бұл нысандарды ШҚО әкімінің коммуналды меншілігіне беру мәселесі талқыланып жатыр. Ал облыстық басқармаларға бұл мәселені министрдегі әріптестеріне жеткізсе деген тілек бар.


Следующая →