Өскеменде өрттен құтқарылған мүгедекке жәрдем қажет
Өртеніп кеткен мүгедектерге арналған арбасын жөндеу үшін 38 жастағы ер адамға құрал-саймандар қажет
Өткен жұмада ЖМК өңірінде көпқабатты үйдің бесінші қабатында тұратын 38 жастағы мүмкіндіндігі шектеулі азаматтың пәтері өртенген. Үйі біршама зардап шексе де, Евгений Рошечко өзінің мүгедектерге арналған арбасына уайым білдіріп отыр.
- Мен қайыршы емеспін, - дейді Евгений. - өмір бойы жұмыс істедім, әлі де істеймін. Тек қаражат жетпейді. Бұрын І деңгейлі мүгедектігім болған. Қозғалу үшін қаражат қаралған, бірақ бермеді. Қазір мені ІІ тоқа қойды. Қазір балдақпен қозғалуға бар күшімді салып жүрмін. Бірақ бұл қиын. Ауыртпалық зор.
Евгений жалғыз тұрады. Ата-анасы жоқ. Қазір тек ағасы көмектеседі. Мүгедектікке дейін метталлург қызметін атқарған. Қала тұрғынына көмектесем деушілер 8-777-989-81-76 телефонына хабарласа алады.
Следующая →