Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Назерке Кәрімова
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Ауыл шаруашылығы күнін атап өтті

Қараша айының үшінші жексенбісі қазақстандық ауыл шаруашылық кәсіпкерлері үшін мереке

Ол күні ауданы мен ауылының экономикасы мен өркендеуіне өзіндік үлесін қосып отырған шаруашылық иелері әкімшілік тарапынан қошеметке ие болып, еңбектері ерекше аталып өтіледі.

Зайсан ауданындағы Шілікті ауылдық округінің ауыл шаруашылық кәсіпкерлері мәдениет үйінде бастарын қосып, төл мерекелерін атап өтті.

- Округіміздің негізгі саласы - ауыл шаруашылығы, - деді құттықтау сөз алған Шілікті ауылдық округінің әкімі Құрмет Сағиев. - Ата кәсіппен ежелден айналысқан аға ұрпақ өкілдері Шілікті өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуына өшпес қолтаңбаларын қалдырып, ұлағатты істерімен елінің құрметіне бөленуде. Бүгінде өрісті төрт түлікке толтырып, жер қойнауын жайқалтып, дархан дала төскейін еңбек әуеніне бөлеген еңбек адамдарының табандылығы мен іскерлігі, еңбекқорлығының нәтижесі осы саланың өкендеуіне жол ашты. Баршаңызға зор денсаулық, әр шаңыраққа ырыс пен дәулет, құт-береке, еңбектеріңізге табыс тілеймін!

Жалпы, Шығыс Қазақстанның Зайсан ауданының тұрғындары егін және мал шаруашылығы мен балық аулау кәсібін қатар дамытып отырған бай өлке. Оған мысал ретінде бір ғана Шілікті ауылдық округінің көрсеткіштерін атай кетуге болады. Ал Зайсан ауданында барлығы сегіз ауылдық округ бар. Округте тіркелген 77 шаруа қожалығының 46 шаруа қожалығы мал шаруашылығын дамытумен айналысып келеді. Округ бойынша қазіргі уақытта 10834 бас ірі қара, 31635 бас қой мен ешкі, 3737 бас жылқы есепке алынған. Соның ішінде, 46 шаруа қожалықтарының үлесінде 4093 бас ірі қара, 10875 бас қой-ешкі, 1644 бас жылқы бар.

- «Жайлау» бағдарламасы бойынша үш азамат үш жүзге тарта қой алып, қой шаруашылығын дамытуда, - деп атап өтті салтанатты жиында сөз алған ауыл әкімі аппаратының бас маманы Аяужан Аршабаева. - Ауыл шаруашылығының негізгі салаларының бірі егін шаруашылығы да біртіндеп жолға қойылып келеді. Шілікті ауылдық округіне қарасты «Қақ» учаскесіне Қаратал ауылының тұрғыны «Бота» шаруа қожалығының төрағасы Б. Баймұханбетов биылғы жылы 400 гектарға арпа өсірсе, Қарасай ауылының тұрғыны «Елжан» шаруа қожалығының төрағасы Н. Бидахметов 30 гектарға арпа өсірді.

Соңғы жылдары мал шаруашылығымен айналысуға түбегейлі бет бұрып, қыстамаға жаңадан үй, мал қора салып, тіршілігін өркендетуге бел байлаған жандар да баршылық көрінеді.

Салтанатты жиын барысында Бауыржан Кәдіров, Құралай Асылбаева, Нұрлан Бидахметов, Гүлнар Чекетаева, Айболат Лекеров, Нұрлан Сағатбеков сынды ауылға көп еңбегі сіңген шаруа қожалық иелері мен кәсіпкерлер мақтау қағаздарымен марапатталды.

Следующая →