Жексенбіде ең нашар аула анықталмақ
Өскемен қаласының Жастар мәслихаты қолға алған «Менің аулам» атты науқан осы жексенбіде аяқталады.
Ал науқан соңында Өскемен қаласындағы ең нашар аула анықталатын болады. Қоғамдық кеңестің Инстаграмдағы парақшасына тұрғындардың өздері лас, қирап, шашылып жатқан аулалардың суреттерін жіберген. Ал Жастар мәслихаты оның ішіндегі ең нашарларын таңдап алған.
Бұлардың қатарында Протозанов көшесі, 65-үйдің, Стаханов көшесі, 63-үйдің, Әуезов даңғылы, 13-үйдің және Меновное кентінің ауласы бар. Ал «жеңімпаз» аула 19 қараша күні анықталмақ.