Аягөзде мылтық ұстаған ер адам ұсталды
Полиция қызметкерлері 38 жастағы Аягөз қаласының тұрғынын тексере келе, көліктің жүк салғышынан екі мылтық пен оның патрондарын тауып алды
Мылтықтың бірі 16 калибрлі аң атуға арналған қару болса, екіншісі - шағын калибрлі дүмі қиылып салынған винтовка. Қару "ВАЗ-21213" көлігінің жүк салғышында жатқан.
ШҚО ІІД баспасөз қызметіне сүйенсек, 38 жастағы тұрғынға заңсыз қару ұстағаны үшін қылмыстық іс ашылған.
Айта кету керек, биылғы жылы полиция қызметкерлері тұрғындарды тексере келе 206 қару-жарақ тапқан.