Өскеменде жалған балгер ұсталды
Облыс орталығының полициясы 25 жылды 90 мың теңгеге алдап кеткен алаяқты ұстады
Өскемен қалалық құқыққорғау органдарының қызметкері Семейлік сатушыны алдап кеткен 29 жасар балгерді ұстады.
Айлакер «балгер» бутик қызметкеріне құмалақ ашып беремін деп 90 мың теңгелік құны бар жүзігі мен сырғасын алып кеткен. Алданып қалғанын түсінген сатушы полицияға арыз берген.
ШҚО ІІД деректері бойынша, айлакер әйел кейін облыс орталығында ұсталған. Қазір бал ашумен айналысатын әйелге қатысты ҚР ҚК 190 бабы «Алаяқтық» бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Следующая →