Жуықта Өскеменде арзан көкөністер сатыла бастайды
Арнайы комиссия Тұрақтандыру қорындағы бес көкөніс түрінің белгіленген құнын бекітті
Жуықта көкөністер киллограмы 75 теңгеден сатыла бастайды.
Алайда картоп, сарымсақ, сәбіз, орамжапырақ пен қызанақты мұндай бағамен «Ертіс» ӘКК бес сауда нүктесінде ғана жүргізеді.
Қалған 59 сатушылар 10 пайыз көлемінде, яғни 85 теңгеден сатылым жүргізе алады. Сәбіз бен сарымсақтың 90 теңгеден сатылатынын ескерсек, айырмашылық айтарлықтай үлкен емес. Бірақ бағасы 160 теңгеден сатылатын картоп бағасының сиқы айқын көрініп қалады.
- 14 қараша күні облыс әкімдігінің сауданы бастау туралы қаулысына қол қойылды, - дейді «Ертіс» ӘКК» ҰК» АҚ Басшылығы Төрағасының орынбасары Антон Краменко.
Былтыр көкөністерді әлеуметтік бағамен саудалау 1 желтоқсан күні басталған.
Биылғы қымбатшылықтың салдарынан сауда ерте басталады. Ағымдағы аптада жүк көліктері Тұрақтандыру қорының азық-түліктерін сатылым орындарына тасымалдай бастайды.
Следующая →