Қоймашы кәуап пысырушыны соққыға жықты
Кәуапхананың қызметі көңілінен шықпаған 34 жастағы қала тұрғыны дәмхана қызметкеріне тап беріп, соққыға жыққан
Полиция бөліміне 49 жастағы қаладағы көңіл көтеретін орындардың бірінің қызметкері арыз жазған. Оның айтуынша, өткен сенбіде оны дәмханаға келушілердің бірі соққыға жыққан.
Анықталғандай, дәмханаға келген мейман ондағы қызметке риза болмай, қызметкерлермен ұрсыса бастаған. Артынша, тіпті, жұдырық та сермеген.
Тәртіп сақшылары ізін суытпай тәртіп бұзған азаматты қолға түсірді. 34 жастағы қала тұрғыны өз іс-әрекетін толық мойындады.
Қазіргі таңда оған қатысты ҚР ҚК 293-бабы «Бұзақылық» бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Следующая →