Өскемендік полицей дерек жасырғаны үшін қызметтен босады
Тәртіп сақшысы әріптестерінің кезекші бөлімде тұрғындарды заңсыз ұстап отырғанын жасырып, ешкімге айтпаған.
Сол үшін құқық қорғау органы қызметкері жұмыстан босаған. Алайда қызметкер тәртіп істерін қарау жөніндегі комиссияның шешімімен келіспей, сотқа арызданған.
Сот тәртіп сақшысының бұл ісін заңсыз деп тауып, оның арызын қанағатсыз қалдырған.