Өскеменде Mercedes жүргізушісі үш канализациялық люкті ұрлап кеткен
Жедел алдын алу шарасы барысында қаскүнемнің көлік салонынан «Өскемен Водоканалға» тиесілі мүлік табылған.
Опытное поле өңірінде полиция патрулі Mercedes маркалы автомобиль жүргізушісін құжат тексеру мақсатында тоқтатқан. 34 жастағы азаматтың толқып тұрғанына полиция күдіктенген.
Құқыққорғау органдарының қызметкерлері көлікті тексеріп, салоннан «Өскемен Водоканалға» тиесілі үш канализациялық люкті анықтаған. Қала тұрғыны оларды Меновное ауылынан шешіп алған.
Қаскүнемге қатысты ҚР ҚК 188 бабы бойынша қылмыстық өндіріс ашылды. Тергеу барысында ер адамның осындай әрекеті үшін істі болғаны анықталды.