Семей қаласының тұрғыны коммуналды қызметті сотқа берді
Сот барысында жүргізуші көлігінің жол сапасына байланысты зардап шеккенін дәлелдей алды
Жол көлік оқиғасы Skoda маркалы автокөлігінің иесімен орын алған.
Семей көшелерімен қозғалып келе жатқанда дөңгелегі жарылып қалған жүргізуші, ойланбастан сотқа арыз берген. Себебі жол сапасына Семей қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобильдер жолы жауапты.
Семей қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлағандай, коммуналды қызмет жүргізушіге 19 мың теңге төлейтін болды.