Этот сайт собирает метаданные пользователя (cookie, данные об IP адресах и местоположении). Это необходимо для функционирования сайта.
Продолжая пользоваться сайтом, Вы даете согласие на использование ваших cookie-файлов.
Жүргізушілердің бірі жаяу жүргінші қызды қағып кеткен. Екіншісі ағашқа соғылып зардап шеккен жолаушыны көліктен шығарып тастаған
1 қараша күні Островский көшесінің маңайында белгісіз ер адам ағашқа соғылып, автокөліктің артқы орындығында зардап шеккен 38 жастағы әйелді үйіне жеткізіп, өзі тайып тұрған.
Екінші жол көлік оқиғасы 5 қараша күні кешкі 22.00 шамасында Мыза-Қазақстан көшелерінің қиылысындағы жаяу жүргінші жолында орын алған. Белгісіз жүргізуші 20 жастағы қызды қағып, оқиға орнынан қашып кеткен.
Құқыққорғау органдарының қызметкерлері аталған оқиғалардың куәгерлері мен қандай да бір ақпаратқа ие адамдарды 77-60-05, 77-70-81телефон нөміріне немесе «102» каналына хабарласуды сұрайды.