Өскеменде трамвай тоқтатылуы мүмкін
Қалалық трамвай паркі тұтынған электр қуатына төлемақы төлемей, қарызға белшесінен бір-ақ батқан.
Өскемен қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Трамвай паркі «Шығысэнерготрейд» кәсіпорнына 32 млн теңге қарыз болған. Трамвай паркі ұзақ уақыт бойы электр қуатына төлемақы төлемей келген.
Қарызға белшеден батқан жеке меншік парк ұжымы берешегін өтей алмай отыр. Соның кесірінен қараша айының ортасында трамвайдың қатынауы тоқтауы мүмкін. Өйткені электр қуатын беруші кәсіпорын берешек өтелмеген жағдайда 22 қараша күні энергия беруді шектейтінін мәлімдеген.
Ал қала әкімдігі трамвайларды реттестірудің амалдарын қарастырып жатыр.