Соққыға жығып, смартфонын тартып алған
Бес рет істі болған 31 жастағы қылмыскер Спорт сарайы ауданында 42 жастағы азаматты соққыға жығып, қымбат ұялы телефонын тартып алған
Тәртіп сақшылары қылмыскерді ізін суытпай ұстап алған. Анықталғандай ол азамат бұған дейін осындай қылмыстары үшін бес рет істі болған.
Ұрланған смартфонды қылмыскер сатып үлгерсе керек. Алайда істегенін толық мойындаған.
ШҚО ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, қылмыскерге қатысты ҚР ҚК 191-бабы 2-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу ісі қозғалды.
Следующая →