Елікті атқаны үшін ШҚО тұрғыны миллион теңгеден астам айыппұл төлейді
Өткен сенбіде Көкпекті ауданының тұрғыны заңсыз түрде екі елікті атты
ШҚО Жануарлар әлемі және аңшылық шаруашылығы бөлімі хабарлағғандай, ер адамның не аңға, не қару ұстауға рұқсаты болмаған.
Қарулы құқықбұзушыны ШҚО жануарлар әлемі және орман шаруашылығы территориалды инспекциясы жанындағы жануарлар әлемі және аңшылық шаруашылығы бөлімінің қызметкерлері рейд барысында ұстады.
- Мариногорка ауылының маңында заңсыз жолмен және заңсыз қарумен еліктерді атқан Көкпекті ауданының тұрғыны ұсталды, - деп хабарлайды бөлім басшысы Самат Дидахметов.
Мемлекетке тиген шығын құны бір миллион 134 мың 500 теңгені құрады. Сонымен қатар, қылмыстық іс қозғалды.
Следующая →