«Қазақстан» тауын күрделі жөндеуді қажет етеді
Облыс орталығындағы мемлекеттік рәміздер кешені жуықта жөндеуден өткен еді. Қатты желдің кесірінен қайта қирап қалды.
Туы жыртылып, бағандар бұзылған. Жол тақташаларының бөлшегі сынып, «Қазақстан» сөзіндегі «Н» әрпі түсіп қалған.
Кешенге жауапты «Өскемен тәртіп» коммуналды кәсіпорнының басшысы, нысанның жазда жөндеу көргенін, қатты желге байланысты қайта құру жұмыстары керектігін айтады.
- Бағандарды биыл жөндедік, - дейді Тамара Рахымжанова. - Енді күрделі қайта жөндеу жұмысы керек. Бұл үшін қалалық ТҮКШ бөлімінен қаражат сұраймыз.
Жоғалған әріптің қашан қалпына келетіні белгісіз. Келесі жылды күтпей, биыл барлығы жөндеуден өтеді. «Қазақстан» сөзіндегі әріп бірінші рет жоғалмаған.