Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Айдос Мырзахметов
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Үржарда жанармай күрт қымбаттаған

Үржар ауданында АИ-92 маркалы жанармай бағасы облыс орталығынан 25 теңгеге қымбат

Өскемен қаласында АИ-92 маркалы жанармайы 157 теңгеден сатылуда. Өз кезегінде Үржар ауданында дәл осы маркадағы жанармай бағасы 180 теңгеге асқақтап кеткен.

- Жанармайды тым қымбатқа сатуда, - дейді Үржар ауылының тұрғыны Ербол Берікболов. - Өскеменде тұратын туысқандарымыздан жанармай бағасынан хабардар болып отырмыз. Қазір ҚазМұнайГаз жанармай құю станциясында АИ-92 157 теңгеден сатылуда. Бірақ бұл станция ауылдан 92 шақырым жердегі Таскескенде орналасқан. Ит арқасы қиянда орналасқан бұл станцияға барудың пайдасы шамалы екені барлығына түсінікті.

Жалпы, ауданда 18 жанармай станциясының 16-сы жұмыс істеп тұр. ҚазМұнайГаз жанармай бекеттері - екеу. Бірі Таскескеннен 92-ші шақырымында, екіншісі Бахтыда орналасқан.

- ҚазМұнайГаз жанармай станцияларында АИ-92 жанармайы 157 теңгеден, - дейді Үржар аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің сектор меңгерушісі Назым Байпейсова. - Қалған станцияларда 175-180 теңгеден сатылуда. Көпшілігі отынды талонмен беруде. Бүгінгі таңда жанармайды жоғары бағамен сатып отырған станциялармен келіссөз жүргізудеміз. Бағасын көтермелеп отырғандар жанармайды Жаңғызтөбеден, Павлодардан және Бескөлден әкелді.

Аталған өңірлерде жанармай құны қымбаттағандықтан, ол Үржар жанармай станцияларына тікелей әсер еткен. Станция басшылары жанармай тасымалдау барысында қосымша шығын кететінін алға тартады.


Следующая →