Алаяқ зейнеткерді алдап, ақшасын алып кеткен
Зырян ауданының тұрғыны 69 жастағы зейнеткердің ақшасын ұсатып келемін деп алдап алып, қайтармай қойған.
Алаяқ зейнеткердің ақшасын алып, беймәлім жаққа «зытып» қойған. Зейнеткер полиция қызметкерлеріне арызданып, оқиғаның мән-жайын айтып берген. Полицейлер 32 жастағы күдіктіні көп кешіктірмей ұстап алған. Оған «Алаяқтық» бойынша айып тағылды.
Күдікті бұған дейін де сотталған.