Николай Зайцев сот арқылы өз құқығын қорғайды
Мұражай қорық басшысы өзінің жұмыстан босатылуын ҚР Еңбек Кодексінің бұзылғаны деп есептейді
Бүгін Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтылық мұражай қорығының директоры Николай Зайцев 26 қазаннан бастап өзінің жұмыстан шығатыны турарлы құжатқа қол қойғанын растап, бұл үрдіспен келіспейтінін айтып өтті.
- Еңбек шартын бұзу туралы бұйрықты Мәдениет басқармасының заңгерінен кешкі 18 шамасында Достық үйінің дәлізінде тұрғанда алдым, - дейді Николай Александрович. - Ымырт шақта қандай құжатқа қол қойып тұрғанымды білмедім. Құжат мемлекеттік тілде болды. Тіпті аударуға да талпынбапты.
Ең бастысы Николай Зайцевті зейнет жасына жеткеніне байланысты жұмыстан шығару туралы бұйрық еңбек шартына қайшы келеді. Шарт бойынша мұражай-қорық директоры өз қызметінде 2018 жылға дейін отыруы керек еді.
- 27 қазан күні біз сотқа бердік, - дейді Николай Алексеевич. - 2018 жылдың мамыр айында шартты созса түсінер едім. Бірақ жыл ортасында шартты бұзуға құқықтары болмады.
Енді Николай Зайцев сот арқылы белгіленген мерзімге дейін жұмыс орнын сақтап қалуды көздеп отыр.
Следующая →