Өскемен
ясно
+12°
  • Өскемен
    +12°
  • Алматы
    +11°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +21°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +19°
  • Қарағанды
    +13°
  • Көкшетау
    +18°
  • Қостанай
    +23°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +21°
  • Тараз
    +12°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +14°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО
Ақпарат көзі:
Устинка

Үржардағы жанармай бағасы 180 теңгеден 174 теңгеге түсті

Дегенмен, аудан тұрғындары төмендетілген бағаның көңілден шықпайтындығын айтып отыр. Өйткені Өскеменде АИ-92 бензині 17 теңгеге арзан.

Үржар ауылындағы жанармай бекеттерінде бензин таусылып, тек біреуінде ғана жанармайдың шағын қоры қалған. Бұл бекет алдында тұрғындар ұзын-сонар кезекке тұрды.

- Жанармай құю бекеттері өзара келісіп, бағаны қасақана қымбаттатты деп ойладық. Оның үстіне, жақын уақытта бензин бағасы түсе қоймас деп те жорамалдадық, - дейді ауыл тұрғындарының бірі.

Алайда Үржар ауданы басшылары жанармайға қатысты ешқандай қасақана әрекет болған емес, жанармай қоры жеткілікті деп түсініктеме берді.

- Біз ауданда орналасқан жанармай құю бекеттерінің басшыларымен кездестік. Кәсіпкерлер жанармайдың дер кезінде жеткізілмей жатқанын алға тартты. Өзара келісіп қымбаттату ойларында болмаған. Бекет басшылары бензин бағасын 174 теңгеге дейін түсіруге келісім берді. Өнімнің Павлодар мен Өскеменнен келетіндігін айтып кәсіпкерлер бұдан артық түсіре алмайтындығын жеткізді, - дейді Үржар ауданы әкімінің орынбасары Серік Садуақасов.

Ал облыстық табиғи монополияларды реттеу департаменті жағдайды қадағалауда ұстайтындығын айтты.

Айта кету керек, Үржар ауданында АИ-92 бензині арзанға - 157 теңгеге сатылып жатқан жер бар. Ол - «ҚазМұнайГаз» жанармай құю бекеті. Алайда ол аудан орталығынан қашықта жатыр. Ал басшылығы алдағы уақытта Мақаншы мен Үржан ауылдарында «ҚазМұнайГаздың» бекеттерін салуды ойластырып отыр. 



Следующая →