ШҚО-да Шар бөгенінде су таусылып қалған
Жарма ауданындағы Шар су қоймасы істен шығып, 1800 жер телімі суарылмай қалған.
Дегенмен, су қоймасы маңында жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бірақ әлі аяқталған жоқ.
- Ауданда 1800 жер телімі бар. Алайда оның барлығы қоймадан шығатын сумен суарылатындықтан, қазір жері телімдеріне су жетпей жатыр, - дейді Жарма ауданы әкім Нұрлан Сыдықов. - Біз бұл мәселені облыс деңгейінде де, республика деңгейінде де көтерген болатынбыз. Су қоймасына күрделі жөндеу жүргізуге 1 млрд 600 млн теңге бөлінген. Қазіргі уақытта тоған мен су ағатын арна жөнделіп қойылды. Бұған 200 млн теңге қаржы жұмсалды. Су қоймасы, әзірше, 6000 гектар жер теліміне су бере алады.
Жарма ауданы басшылығы қазіргі уақытта жер телімдерін суара алатын инвесторларды іздестіруде.