Семейде ер адам нашар жарықтандырылған орындарда тұрған көліктерді тонап кеткен
21 жастағы азамат әдейі дабылы жоқ көліктерді таңдап, аккумуляторы, магнитола, бейнетіркегіш және бағалы заттарды алып кеткен
Соңғы уақыттарда Семей қаласындағы ІІБ-ға көлік иелері жиі шағымданатын болған.
- Тәртіп сақшылары аз ғана уақытта күдіктіні анықтаған. Ол 21 жастағы жұмыссыз қала тұрғыны болып шыққан, - деп хабарлайды ШҚО ІІД баспасөз қызметі. - Күдіктінің айтуынша, ол нашар жарықтандырылған орындарға қалдырылған, сонымен қатар дабыл қаққыш құрылғылары жоқ көліктерді әдейі таңдап алған. Аталмыш фактіге байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды.
Следующая →
Тақырыптар:
Правоохранительные органы ВКО