Өскеменде жол полицейлері тексеріс жүргізеді
Полицейлер үш күн бойы жол жүру ережесін бұзған жүргізушілерді ұстамақ.
Өскемендік полицейлер 26 қазаннан 28 қазанға дейін қалада жаппай тексеру шараларын өткізіп, мас жүргізушілер мен жол ережесін бұзғандарды құрықтамақ.
Өскемен қаласы ішкі істер басқармасы жол-көлік оқиғасының орын алуына, көбінесе, мас жүргізушілер кінәлі дейді. Мұнымен қатар қауіпсіздік белдеуін асынбаған, жылдамдықты арттырған жүргізушілер де жол апатына жиі ұшырайтын көрінеді.
Тақырыптар:
Правоохранительные органы Усть-Каменогорска