Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Назерке Кәрімова
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Сәрсен Аманжолов және қазақ жазуының тарихы

Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде «С.Аманжолов оқулары - 2017» халықаралық ғылыми-практикалық конференция аясында «С. Аманжолов және қазақ жазуының тарихы» атты дөңгелек үстел өтті

Шараны қазақ, орыс филологиясы және  журналистика кафедрасы ұйымдастырды.

  
-  Дөңгелек үстелдің мақсаты - Қазақтың белгілі түркітанушы ғалымы, профессор Сәрсен Аманжоловтың еңбектерін көпшілікке тарату, насихаттау және шығармашылығы жайында тың ғылыми зерттеулерді саралау, - дейді дөңгелек үстел модераторы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Күләш Еңсебаева. - Ал  С. Аманжоловтың ғылыми мұрасын зерттеу және насихаттауды дамыту үшін тәжірибе алмасу және жас мамандарды ғылыми шығармашылыққа тарту,  ғалым еңбектерін зерттеу жұмысының жаңа және тиімді механизмдерін іздеуді ұйымдастыру дөңгелек үстелдің міндеттері болып табылады.  


Дөңгелек үстел отырысы барысында Күләш Кенжебекқызының  жетекшілігімен 1-курс магистранттары дайындаған «С. Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығына арналған презентация» көрсетілді. Сондай-ақ конференцияға Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жалпы тіл білімі және еуропа тілдері кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.д., профессор Гүлмира Мадиева қонақ болып келіп, «Лингвистическая школа Аманжоловых - преемственность поколений» атты тақырыпта баяндама жасады. Осы сынды Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің профессоры, ф.ғ.д. Қасиет Молгаждаров «Рухани жаңғырудағы латын әліпбиі мәселесі» тақырыбында сөз қозғаса, кафедраның  доценті, ф.ғ.к., модератор  Күләш Кенжебекқызы «С. Аманжолов және синтаксис мәселелері» жайында келелі мәселе көтерді. Доцент ф.ғ.к. Бердібек Бияров «С. Аманжолов – кирилл жазуын түзуші» тақырыбына қатысты тыңдарманға ой салса, доцент ф.ғ.к.  Айымгүл Сейпутанова  «С. Аманжоловтың ағартушылық-педагогтық мұрасы» жайында мол мағлұмат берді. Аға оқытушы Жазира Қайырбаева «С. Аманжолов және  қазақ диалектологиясы мен морфологиясының теориялық мәселелері» деген тақырып аясын кеңейтті. Аға оқытушы Қарлығаш Барбосынова «С. Аманжолов және қазақ фольклористикасы» атты тақырыпта мол мәлімет берді. Профессор ф.ғ.к., Сламбек Оразалин «Азамат, ғалым, қайраткер»  атты тақырып барысында ғалым С. Аманжоловтың түрлі қырын аша түсті.

Следующая →