Өскеменде Мирный кентінде қызға қол көтерген қаскүнем ұсталды
Күдікті қымбат смартфон ұстаған қызды тонамақ болып оған соққы жұмсаған.
Оқиға 7 қазан күні таңертең болған. Қыздың құлағында құлаққап болғандықтан, ер адамның жанына қалай жақындап келіп қалғанын байқамай қалған.
Қаскүнем пышақ алып шығып, қызды қорқыта бастаған. Ал қыз болса, айналадағы адамдарды көмекке шақырып айғайлай бастаған. Айғайды естіген тағы бір қыз күдіктіні телефонның камерасына түсіріп, ол да дауыстап айғалайған. Қаскүнем қызды босатқанымен, пышақ жұмсап үлгерген.
Зардап шегуші №1 қалалық ауруханаға жеткізілді.
Полиция қызметкерлері күдіктіні тоғыз тәулік іздеген.
- Таңертең жұмысқа бара жатып, Протозанов көшесі бойында бейнетаспадағы ер адамға ұқсас адамды байқап қалып, оны ұстап бөлімшеге әкілдім, - дейді Үлбі полиция бөлімшесінің капитаны Берік Алтынғазыұлы. - Бейнетаспаны оған көрсеткен соң, кінәсін бірден мойындады. Зардап шегуші мен күдікті де мұны растады.
Күдікті 33 жаста. Бұрын сотталған.